«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастар шығармасы аурудың алдын алады

0 37

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласындағы және Ақмола облысындағы жоғары оқу орындарының студенттерін туберкулезбен күресуге, азаматтық және әлеуметтік жа­уап­кершілікті қалыптас­тыруға шақыру мақсатында тиісті шаралар өткізілді. Соның бірі студенттер арасында аурудың алдын алу және одан сақтану жөнінде шығармалар жазу, фотобаян көрмесін өткізуден байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде аталған шараларға 1000-ға жуық студент қатысып, олардың ішінде 512 студент шығарма жазса, 300-ге жуық студент бейнежазбаларды дайындап, көшпелі фотобаян көрмесін өткізіпті.
Кеше осы байқауға қатысқан белсенді жастарды марапаттау рәсімі өтіп, Республикалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің тағайын­даған сыйлықтары табыс етілді. Байқауға қатысып, туберкулездің алдын алуға шығарма­шылық тұрғыдан атсалысқан студенттерге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабекұлы алғысын білдірді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды