«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастар қайырымдылық көрсетті

0 15

«Астана жастары» КММ волонтерлер тобы мен қала меценаттары Халықаралық қарттар күніне орай «Ардагерлерді аялайық» және «Қамқорлық мекенжайы» атты акция өткізді.

Акция аясында волонтерлер тобы азық-түлік себеттерін жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне табыстады. «Бүгін Халық­аралық қарттар күніне орай қарияларға азық-түлік таратуды жалғастырып отыр­мыз. Бұл бізде жыл бойы ұйымдастырылып тұрады. Ал жұмсалатын қаржыны қалалық әкімдіктен алмаймыз. Оны қайырымды жандар бөледі. Ниет білдірген кісілер біздің орталыққа қалаған мөлшерде қаржы аударып жатады. Біз оны қайырымдылыққа бағыттаймыз» деді «Астана жастары» КММ еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әли.
Жастарды қайырымдылыққа, қарттарға қарайласуға баулитын игілігі мол іс осыған дейін де өткізіліп келген. Атап айтқанда, соңғы 2 ай ішінде 80-нен аса себет таратылыпты. Волонтерлер «Еріктілер мектебінде» команданы құру және түрлі біліктіліктерін арттыру үшін оқытудан өтеді. Қазір орталықта тұрақты 300 ерікті бар. Олар қалалық, халықаралық, экологиялық және әлеуметтік іс-шараларға қатысады.

Фарида КАРИМОВА

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды