«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастар мен жауынгерлер жүздесті

0 99

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты мекемесі Кеңес әскерінің Ауғанстан соғысынан шыққан күніне арналған тағылымды шара өткізді.

1979-1989 жылдар аралығында Ауғанстан жерінде әскери борышын өтеп, соғыс зардабын бастан кешкен жауынгерлерге құрмет білдіру мақсатында ұйымдастырылған шараға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты. Шараны жүргізген Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты мекемесінің директоры Балқия Баймағанбетова алдымен Ауғанстан соғысы жайында баяндап берді. Соғыста қаза болған жауынгердің анасы Нина Халявка, жауынгер-интернационалист, бейбіт өмірде қызмет бабында ерлікпен қаза болған Жанайдар Жирентаевтың жұбайы Назкен Мүсірепжанқызы, генерал-майор Марат Нұғыманов, Астана қаласының «Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» қоғамдық бірлесігінің төрағасы Серік Кенжебеков, ҚР Ұлттық архиві республикалық мекемесінің директоры, жауынгер-интернационалист Жангелді Махашов жастар алдында сөз сөйлеп, Ауғанстан соғысының туралы, майдандас жауынгерлердің ерлігі жайында әңгімеледі.
Кездесу барысында мәдениет қайраткері Ғалия Рамазанова, №64 мектептің өнерпаз оқушылары ән шырқап, жиналған қауымның көңілін көтерді. Шара соңында қатысушылар мекеме ішінде ашылған Астананың 20 жылдығына арналған көрмені тамашалады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды