«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ескі үй орнында – гүлзар

0 18

Елорданың Сарыарқа ауданындағы Ә.Молдағұлова көшесінде «Жастар» гүл бағы ашылды. Ол апатты жағдайда тұрған бес қабатты ғимараттың орнынан бой көтерді.

Сарыарқа ауданы әкімінің айтуынша, гүл баққа 200-ден астам ағаш отырғызылып, көлемі 1,4 га болып ұлғайды. Қала тұрғындарының белсенді демалуы үшін бұл жерге спорттық және ойын алаңдары салынған, осынау игі шара Қазақстандағы Жастар жылына орайластырылған.
– Бұл ауданда 2000 адам тұрады, оның ішінде 400-ден астамы – бала. Бұрын бұл жерде 5 қабатты, апатты жағдайдағы ескі үй болған еді, оны сүргеннен кейін жастарға арналған демалыс орнын салу туралы шешім қабылданды. Жақын жерде С.Сейфуллин аграрлық университеті бар, онда 15 мың студент оқиды, – дейді Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Егемберді. Гүлбақтың ашылу салтанатында «Шабыт» халық ансамблінің әртістері концерт қойды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды