«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастар бизнеске жақын болса…

0 10

Нұр-Сұлтан қаласының жас кәсіпкерлері студенттермен кездесіп, өздерінің бизнес бастаудағы тәжірибелерімен бөлісті.

«Астана жастары» коммуналдық мем­лекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткен жиынға Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин мен сала мамандары қатысты. Мекеме басшысының орынбасары Ақерке Ақтайдың айтуынша, жыл басынан бері әртүрлі тақырыпта өткізілген 81 шара 4757 адамды қамтыған. Бұл – 82-шара.
«Alay food» компаниясының негізін қалаушы Айнұр Әмірхан мен әлеуметтік кәсіпкер, «Green tal» әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы Эмин Әскеров және «Rocket study» білім беру акселераторының жоба менеджері Дәмір Төленов өздерінің бизнесті қалай бастағандарын, оның жолында қандай сәтсіздіктер мен қиындықтардың болғанын кеңінен әңгімеледі.
– Кәсіппен айналысатын адам небір тәуекелге бел буып, қорқынышын жеңе білуі керек. Әр саладағы мықты сарапшылар – өте көп қателік жаса­ғандар. Яғни неғұрлым көп қате жіберсеңіз, соғұрлым мықты сарапшы болуға мүмкіндік арта түседі, – деді Эмин Әскеров.
Шара барысында жиынға қатысу­шы жастар спикерлерге өздерінің сұрақтарын қойды. Олардың сауалдарына жауап берген бизнесмендер түрлі кеңестерін айтып, жастарды кәсіппен айналысуға шақырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды