«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жасанды жүрегі «жаңартылды»

0 28

Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында ерекше ота жасалды.

Яғни CARMAT жасанды жүрегінен кейін донорлық жүрек салынған әлемдегі алғашқы ота ретінде ғалымның бұл саласына жаңалық болып енбек. Оташылардың жеңіл қолымен павлодарлық Құнанбай Абраевтың жүрегі қайта соқты.
Осыдан жылға жетпес уақыт бұрын, 2017 жылдың 9 қазанында ауыр жағдайдағы жүрек жеткіліксіздігінен зардап шеккен азаматқа алғашқы халықаралық жасанды жүрек имплантациясы жасалған болатын. Жасанды жүректі импланттау науқастың өмірін сақтау­дың жалғыз жолы болды. Арада 8 ай өткен соң, 2018 жылдың 19 маусымында Құнанбай Абраевқа ортотопиялық жүректі транспланттау отасы жасалды.
Журналистермен болған кездесуде АҚ басқарма төрағасы Юрий Пя не себепті науқасқа бірден донорлық жүрек салынбағанын айтып берді. «Оған бастап­қыда донорлық жүректі салу мүмкін болмады, себебі өкпе, бауыр және т.б. ағзаларында өзгеріс болды. Сол себепті жасанды жүректі импланттау туралы шешім қабылданып, арада 6 ай өткен соң жағдайы жақсарғаннан ке­йін донорлық жүректі күтіп отыр­ғандардың тізіміне қосу мүмкін болды. 8 айдан соң біз сәйкес донорға ие болып, транспланттадық. Қазіргі күні ол реабилитациядан өтіп жатыр, науқас үшін ауыр процедура болғандықтан, ол қазір реанимацияда, алайда есін біледі».
Сондай-ақ, кардиохирургия орталығының мамандары жасанды жүрегі донорлық жүрекке ауыстырылған науқас палатада жатқанын, туыстарымен сөйлесіп, теледидар көргенін айтып, науқастың бүгінгі халінен хабар берді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды