«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас сақшылар слеті

0 49

Кеше қаладағы 62 мектептің оқушылары жас инспекторлардың аудандық слетіне қатысты. Үздік деп танылған топтар Қызылорда қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар балалардың жол апатына ұшыраудың алдын алуға септігін тигізеді. Қазіргі таңда елордада 78 жасақтың құрамында 780 жас инспектор бар.
Аудандық слетті қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметі Білім басқармасымен, ҚР «Қызыл ай» қоғамының Астана қаласындағы бөлімшесі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп өткізді. Жарыс 7 номинация бойынша жүргізілді. Олар – саптық байқау, жол қозғалысы ережелерінің білгірлері, велосипедті мәнерлеп жүргізу, жас реттеуші, жас санитар, үгіт-насихат бригадаларының конкурсы және эрудит турнирі.
Астана қаласы ІІД ЖПҚ ЮПБ инспекторы Айымгүл Валеева балалардың өзі мұндай шараларға қатысуға қызығушылық білдіретінін айтады. «Оқушылар слетке ден қойып дайындалады. Бұл байқауды біз жыл сайын өткізуді дәстүрге айналдырдық. Соның арқасында балалардың қатысуымен болатын қайғылы оқиғалар азаюда» дейді полиция инспекторы.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды