«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Жас кәсіпкер» жобасы іске қосылды

0 162

Кеше елордада кәсіп бастағысы келетін жастарға арналған Atameken Fest рес­публикалық форумы өтті.

Іс-шара барысында бүгінде өз ісін дөңгелетіп отырған азаматтар өздерінің жетістікке жету тарихын әңгімелеп, табысты болудың лайфхактарымен бөлісті. Сондай-ақ осы фестиваль аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Жас кәсіпкер» білім беру жобасы іске қосылды. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласында тиімділігін көрсеткен танымал «Bastau Бизнес» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылыпты. Оған 18 бен 29 жас аралығындағы жұмыссыз, тұрақты табысы жоқ қыз-жігіттер қатыса алады. Аталған жоба бойынша осы жылдың соңына дейін Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында орталықтар ашылып, онда 100 мың адамды оқыту жоспарланып отыр.

Ақерке САҚЫП,
Қаржы академиясының
студенті

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды