«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жас дарындар танылады

0 50

Елордада «Жаңа белес» атты жастарға арналған фестиваль басталды.

Ел арасындағы жас таланттарды танытуға бағытталған бұл байқауды «Астана жастары» орталығы ұйымдастырып отыр. Аталмыш мекеменің басшысы Үкібай Нұрпейісовтің айтуынша, жарысқа қаладағы орта кәсіптік оқу орындарының студенттері қатыса алады.
– Бүгінде Астанада 35 колледж бар. Өкінішке қарай, колледжде оқитындар үшін қалалық деңгейдегі конкурстар жоқтың қасы. Біз соны ескеріп, басты назарға әдейі колледж шәкірттерін алдық, – деді ол.
Байқауға мыңнан аса студент өтініш білдірген. Енді олар алты күн бойы «Вокал», «Хореография өнері», «Мәнерлеп оқу», «Фотобайқау» және «Интеллектуалдық ойындар» номинациялары бойынша бақтарын сынайды. Жеңімпаздардың есімі 10 қараша күні фестивальдің гала-концертінде белгілі болмақ.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды