«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жарыс жолында – отбасылар

0 19

Отбасы күніне орай Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен қалалық кәсіподақ орталығының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметкерлер арасында «Мемлекеттің тірегі – отбасы» атты спартакиада өтті.

Шараның салтанатты ашылуында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысы Жазира Жылқышиева қатысушыларға сәттілік тіледі.
Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген эстафеталық жарыста 10 отбасылық команда қаппен жүгіру, секіру, қақпаға доп лақтыру, арқан тарту сияқты спорттың 6 түрінен сынға түсті. Мәслихат депутаттары мен қалалық кәсіподақ орталығының төрағасы Тастанбек Есентаев қатысушыларға қазылық етті.
Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің атынан қатысқан Палевичтер отбасы жеңіске жетсе, ІІ орынды Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті Есіл ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан қатысқан Баймұхамбетовтер отбасы енші­леді. Ал ІІІ орын Астана қаласы Әділет департаментінің атынан қатысқан Иманбаевтар отбасына бұйырды. Жеңімпаздар кубокпен, медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды