«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жәрмеңкелер де жаңаша

0 10

Қалалық әкімдіктің кезекті отырысында өңірлердің қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері жаңа қалыпта өтетінін мәлім етті. Алдағы маусымда «Хан Шатыр» СОО жанындағы алаңды белгілеп, өзге өңірлердің 20 азық-түлік жәрмеңкесін өткізу кестесі келісілді. Түркістан облысы алғашқы болып өнімін ұсынатын болады.

– Егер біз жәрмеңкедегі баға нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен екенін мәлімдеген болсақ, бұл іс жүзінде орындалуы тиіс. Бүгін халық азық-түлік бағасын жақсы таразылайды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына санитарлық жағдайға назар аударуды, Қоғамдық даму істері басқармасына өткізілетін жәрмеңкелер туралы халықты хабардар етуді, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына бағаны бақылауды жүзеге асыруды, сондай-ақ, тауарлардың ассортиментін кеңейтуді тапсырамын, – деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.
Сонымен бірге аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қала шетінде өтетін жәрмеңкелер орындары анықталды. Бұл Сарыарқа ауданында – Көктал-1, Алмалық көшесі 1, Көктал-2 (№68 мектеп алды), Агроқалашық (Тілендиев және Ақан сері) тұрғын алабының аумақтары, Алматы ауданында – Железнодорожный кенті, «Жағалау» ықшам ауданындағы жәрмеңке Есіл ауданы тұрғындарына қолайлы болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды