«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жәрмеңке маусымы басталды

0 19

Бас қалада ауылшаруашылық жәрмеңкелерінің күзгі маусымы басталды. Алғашқы болып астанаға Түркістан облысы келді.

«Хан-Шатыр» жанындағы алаңда өткен жәрмеңкеге аталған аймақтан елордаға 250 тоннадан астам өнім әкелініп, 60-қа жуық тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды.
Жәрмеңкеге Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев әдейілеп ат басын бұрып, аралады.
Алаңдағы әрбір өнім үшін жеке секциялар бөлінген. Мәселен, жеміс-жидектердің бағалары арзан. Жәрмеңкеге келген жұртшылық көкөністер мен ет және сүт өнімдерін сатып алып жатты. Айтқандай, ет пен сүт бүлініп кетпеу үшін тоңазытқыш қойылған. Сондай-ақ келушілер ірі дүкендердегідей азық-түлік арбаларын қолданады. Сонымен бірге жәрмеңкеде балаларға арналған мектеп формасы мен отандық жиһаздар да саудаға шығарылды.
Жәрмеңкеге келген ағайындар тек сауда жасап қана қоймай, киелі түркістандықтардың өнерін тамашалап, қызық-қуанышқа кенелді.
Жылдағыдай дәстүрге айналған ауылшаруашылық жәрмеңкесі 27 қазанға дейін жалғасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды