«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ЖАРИЯ ЕТУГЕ – 56 КҮН

0 70

Бес институционалдық реформаға сәйкес қолға алынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында жүргізіліп жатқан мүлікті заңдастыру акциясының аяқталуына небәрі 56 күн қалды.

mulik

Сол себепті еліміздің Қаржы органдары ел азаматтарын осы науқанды заңды тұрғыда барынша пайдаланып қалуға шақырады.
Астана қалалық Қаржы басқармасының басшысы Руслан Досаевтың мәліметінше, 3 қарашаға дейін жергілікті атқарушы органдарына жалпы сомасы 110,7 млрд теңгені құрайтын барлығы 8 796 өтініш келіп түскен. Соның ішінде 68,2 млрд теңге сомасын құрайтын 10 768 тұрғын үй нысаны, 42 млрд теңге сомасындағы 11 465 тұрғын үй емес нысан, 22,8 млрд теңгенің 1 109 коммерциялық нысаны болып отыр. «Бүгінде арнайы комиссияның шешімімен бүгінде бұл өтініштердің 3 629-ы қанағаттандырылып, 37,9 млрд теңгенің 7 994 нысаны заңдастырылған. Сонымен қатар, 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457, 9 млн теңгені құрады» дейді Руслан Досаев.
Келіп түскен өтініштердің саны жағынан Алматы ауданы алда тұр. Мүлікті жария ету науқаны басталғалы бері осы ауданда жалпы сомасы 59,4 млрд теңгені құрайтын 4 079 өтініш келіп түскен. Ал Есіл ауданының әкімдігіне 32,4 млрд теңгенің 1 500 өтініші жолданса, Сарыарқа аудандық комиссиясы да 18,9 млрд теңгенің 3 217 өтінішін қарап үлгерген.
Сондай-ақ, мүлікті заңдастыру науқаны бастау алғалы бері қаржыны жария ету бойынша 545, 1 млн теңгеге 590 арнайы декларация тапсырылған. Тағы 9 млн 300 мың теңгенің құнды қағаздары жария етілді. Қабылданған декларациялар бойынша келіп түскен қаржылар екінші деңгейлі банктерде ашылған ағымдық есепшоттарға аударылып, заңдастырылып жатыр.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды