«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жария етудің жай-жапсары

0 87

Астана қаласы Қаржы басқармасының мәліметі бойынша жергілікті атқарушы органдар жанындағы Мүлікті заңдастыру жөніндегі ко­миссияларға ағымдағы жыл­дың 14 маусымына дейін Қазақстан Республикасы ау­мағында орналасқан мүлікті жария ету бойынша жалпы сомасы 90,7 млрд теңгеге ба­ғаланатын 6860 өтініш келіп түскен.

100_naktyi_kadam

Соның ішінде өтініштерді қабылдау жағынан Алматы ауданының әкімдігі көш басында келеді.
Осы ауданға 50,6 млрд теңге сомасына 3220 өтініш келіп түскен. Сарыарқа ауданының әкімдігіне 2509 өтініш, ал Есіл ауданының әкімдігіне 1131 өтініш жолданған. Қаржыға шаққанда сомалары да сәйкесінше, 15,0 млрд теңге және 25,1 млрд теңгені құрайды.
Осының ішінде комиссиялар тұрғын жайлар, тұрғын емес жайлар (коммерциялық нысандарды қосқанда) бойынша өтініштерді қарап, 2875 өтініш бойынша оң шешім шығарды. Соған сай 29,9 млрд теңгенің 6254 нысаны заңдастырылды.
Атап айтсақ, 3263 тұрғын жай (жалпы сомасы 20,3 млрд теңге), 5,4 млрд теңгенің 241 ком­мерциялық нысанын қосқанда 2986 тұрғын емес жай (9,1 млрд теңге) жария етілді. Осылардың ішінде 5 заңды тұлғаның қатысу үлесі 457,9 мың теңгені құрады.
Мүлікті заңдастыру науқаны бастау алғалы қаржыны жария ету бойынша 276,3 млрд теңге сомасына 151 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ, 8110 мың теңгенің құнды қағаздары жария етілді. Барлық қабылданған декларациялар бойынша қаржы екінші деңгейлі банктерде ашыл­ған ағымдағы есепшоттарға алымдар төлемінсіз аударылып, заңдастырылды.
Жалпы, елімізде жүргізіліп жатқан мүлікті заңдастыру нау­қанына қатысушылар көбейіп келеді. Осы ретте мемлекет тарапынан жасалып отырған кепіл­демелерге сеніммен қараған жұртшылықтың бұрын есепке қоспай жасырып келген мүліктерін жария етуге мүдделік танытуда. Ең бастысы – мүлікті жария ету адам­дардың өздеріне де, мемлекет те тиімді шара болып отыр. Мүлікті заңдастыру әлі де жалғаса береді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды