«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаралы жылдар жәдігерлері

0 14

Бейбітшілік және келісім сарайында «Карлаг» – «АЛЖИР» – Қазақстанның тарихи орындары» және «Карлаг: абақтыдағы шығармашылық» атты көшпелі көрмелер өтіп жатыр.

Көрмеден абақтыдағы өмірді бейнелеген лагерь тұтқындары салған ондаған картинаны, олардың көйлек, орамал, әтір, басқа да осы сияқ­ты көптеген жеке заттарын көруге болады.
Соның ішінде К.Ляйенің кенепке салынған «Реквием, трубада орындалған соло» картинасы суретшінің және басқа да мыңдаған жазықсыз жанның лагерьде бастан өткерген қиыншылықтарын жеткізеді. Бұған қоса, М.Әбіқасованың «30-жылдардың оқушылары» картинасын, т.б. туындыларды тамашалауға болады.
Келушілер тұтқындардың жеке заттары арқылы олардың тұрмысымен және тыныс-тіршілігімен таныса алады. Мұнда көйлектер де, бас киімдер де, фотосуреттері бар мұрағат құжаттар да бар. Көрмедегі экспонаттардың ішінен Ғазима Алманиязованың тозығы жеткен темір сандығын, Лидия Френкельдің иісі осы күнге дейін сақталған «Көгілдір қобдиша» деп аталатын әтірін, Майя Кляшторная төрт айлық қызын орап әкелген жамылғыны, Анцис Мариам Лазарева дайындаған тігу үлгілерінің альбомы, Леон Нұрмұхамедов анасы Кира Берсеноваға «АЛЖИР» лагеріне жазған балалық хаттарын кездестіруге болады.
Кезінде осы заттардың бар­лығын қуғын-сүргінге ұшыраған адамдардың туған-туыс­тары музейлерге тапсырған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды