ЖАНҒА ШИПАЛЫ «ШАРАПАТ»

Астана қаласы әкімдігінің шешімімен 2016 жылдың 9 қарашасында «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» болып өзгертілген мекеменің іргетасы 1989 жылы Целиноград облыстық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің шешімімен ­«Целиноград облысы соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған интернат үйі» болып құрылған еді.

Осы мекемені 14 жылдан бері тәжірибелі маман Кенжеболат Бәпішев басқарып келеді. Мекемеде тұрғындардың тұрмыс жағдайларын жақсартуға байланысты ауқымды істер атқарылып отыр.
Мекеме өз қызметін «Арнаулы әлеуметтік қызметтің кепілденген көлем тізімі» негізінде және «Стационар жағдайында халықты әлеуметтік қорғау шеңберінде арнаулы қызмет көрсету стан­дарттарына» сәйкес жү­зеге асырады. Стационар жағдайындағы ақылы ке­лісімшарт негізінде қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жақын туыстары бар, бірақ қиын жағдайға душар болған адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
2017 жылы арнаулы әлеу­меттік қызмет көрсетудің жаңа түрлері енгізілді: ақылы негізде мұқтаж тұрғындар үшін күндізгі жартылай стационар ашылды.
Бүгінгі таңда мекемеде Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау бас­қар­масының жолдауымен 321 қызмет алушы тұрады, оның ішінде күндізгі қызмет көрсету бөлімінде – тоғыз, екі Ұлы Отан соғысының ардагері, он бір Ұлы Отан соғысы ардагеріне теңестірілгендер, жиырма жеті тыл еңбеккері, төрт қуғын-сүргін құрбаны, І топтағы мүгедектер – 65, ІІ топтағы 71 адам бар. Қызмет алушылардың жасы 24 жастан бастап 98 жасты құрайды.
Мекеме ғимараты 5 блоктан тұрады, олардың 4-еуі – тұрғынжай, бесіншісі – әкімшілік, сондай-ақ асхана, кір жуатын бөлме, монша-бассейн, рәсімдік үй, жеке жылыту қазандығы, автогараж бар. Жарық және жайлы бөлмелер – 1 және 2 орындық. Әр бөлмеде әжетхана, душ, лоджия, теледидар, тоңазытқыш бар, үй іші жағдайына жақындатылған жағдай жасалған. Арбадағы мүгедектер үшін қол тірек құралдары жабдықталған – қосымша техникалық құ­ралдар, қозғалу қызметі бұ­зылған мүгедектер үшін лифтілер мен пандустар қа­растырылған. Керекті мұқам­малмен жабдықталған әлеу­меттік-тұрмыстық бөл­мелер жұмыс істейді – мұнда электр плитасы, теледидар, ас үй гарнитуры, ыдыс-аяқ баршылық. Бұл бөлмелерде телефон орнатылған, қызмет алушылар кез келген кезде туыс-жақындарымен хабарласа алады және керек жағдайда ішкі байланысты пайдаланады.
Қазіргі мекеменің құрылымы әлеуметтік-тұрмыстық және медициналық қызмет көр­сетуге, әлеуметтік-оңалту іс-шараларын кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік-медициналық көмек амбулаторлық-емха­налық көлемінде заманауи аппаратурамен жабдықталған.
2011 жылдан бастап қарсы көрсеткіштері жоқ барлық тілек білдіргендер үшін бассейнде жүзу сабақтары ен­гізілді. Мүгедектерді оңалту жоспарына «Тұлпар» ат-спорт кешенінде жүргізілетін иппотерапия сабақтары енгізілген.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету және психо­эмоционалдық тұрақтылықты қолдау мен релаксация мақ­сатында сенсорлық бөлме, құм және ионотерапия бөлмелері жұмыс істейді. Қазақстандағы әлеуметтік салада 2004 жылы мұнда алғашқы педагог-психолог мамандығы енгізілді.
Қызмет алушылар қаты­са­тын «Халық­тың қолданбалы шығарма­шылығы», «Шебер қолдар», «Көркем сурет салу» үйірмелері, тігін цехы жұ­мыс істейді. Дәрігердің қорытындысы бойынша қыз­мет алушылар тігін цехында, аяқ киім жөндеу шеберханасында толық емес жұмыс күні тәртібінде еңбек етеді.
Тұрмыстық-мәдени іс-ша­ралар өткізу үшін 250 орындық онлайн режимінде фильмдерді көруге арналған, сандық кинопроектормен жабдықталған кинозал бар, әдеби қорда 6 мыңнан астам кітабы бар кітапхана және «тірі жандылар бұрышы» – аквариум бар. Спорттық клуб өз жұмысын жасайды, мұнда шахмат үс­телі, теннис үстелі және бильярд бар.
Әртүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы мекеме мен оқу орындары арасындағы меморандумдарға қол қойылған. 2009 жылдан бас­тап «Нұр Отан» партия­сының бастауыш ұйымы құ­рылып, 55 адам партия құра­мына мүше болды. Шаралар кешені «Ардагерлерді ар­дақтайық» партиялық жобасы аясында өтеді.
2017 жылдың 1 тамызында егде жастағы адамдар мен І, ІІ топтағы мүгедектерге ар­налған күндізгі қызмет көрсету бөлімі ашылды. Әлеу­меттік саланы модернизациялау мақсатында Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек, әлеуметтік қорғау басқармасы 2017 жылдың 14 тамызында екі ведомстволық мекемелермен бірігіп, яғни Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қыз­мет көрсету орталығы және «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК қала тұр­ғын­дарына арналған реаби­литациялық бөлім ашылды, салалық мамандар және дәрігерлердің қарауынан кейін «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» МКҚК қызмет алушылары жыл ішінде мынадай процедуралармен қамтылады: массаж, ЛФК, гидротерапия, фи­зиотерапия, сонымен қатар сен­сорлық бөлме, құм терапиясы, мәдени іс-шараларды және спорт шараларына қа­тыса алады.
Ұжымның басты және негізгі мақсаты астананың мұқтаж азаматтарына сапалы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.

Еркін ДӘУЕШҰЛЫ, Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Сонымен қатар

ЗИМБАБВЕДЕГІ ЗОБАЛАҢ

Африканың бір бүйіріндегі Зимбабве елінде қарашаның 15-інен бері дүрбелең жүріп жатыр. Сол күні таңертең әскери …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған