«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Сот жүйесі әлеуметпен үндеседі

0 342

 Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам бағдарламасы мен «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сот жүйесін одан әрі дамыту мәселесіне айрықша ден қойғаны белгілі.  Міне осы белгіленген міндеттерді жүзеге асыруда Астана қаласының  соттары да ауқымды жұмыстар атқаруда. 

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың бастамасымен өмірге келген «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні» жобасы бүгін таңда  рет-ретімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен,  «Фронт-кеңсе»; «Үлгілі сот»; «Түнгі сот»; «Татуластырушы-судья»; «Судья көмекшісі»; «Отбасылық сот»; «Соттан тыс татуласу орталықтары» саланың жаңғырып, жаңаруына негізделген оң қадамдар ретінде елорда соттарына да енгізіле бастады.

Қазір  аудандық сотта азаматтарға барлық қажетті жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, фронт-кеңселерде интернет-байланысы, смартфондарды қуаттандыру нүктелері, құжаттар толтыруға ыңғайлы орындар жасақталып, қамтамасыз етілген.  Биыл Есіл аудандық,  №2 Есіл аудандық, тергеу соттары ғимараттарында осындай фронт-кеңсе ашуды жоспарлап отырмыз.

Оңтайландыру әдістері арқылы сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігі  қамтамасыз етіліп қана қоймайды, сот жұмысын ұйымдастыру бағытындағы шағымдардың  75%-ға азайғандығы да анық байқалады.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында жұмыс істеп тұрған  «Түнгі сот» қанатқақты жобасы бойынша  7 айдың  ішінде 4 500-ден аса сот процестері өтіп,  негізінен жол-көлік оқиғасына қатысты  2 280 әкімшілік істер қаралды.

Ал, 2018 жылдың қазан айынан бері отбасылық-тұрмыстық қатынастар және көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылық туралы істер қаралуда. Істі тез қарау шетелдіктерге кідіріссіз және қосымша шығынсыз елден кетуге мүмкіндік береді.

Бұл жоба бір судьяның айлық жүктемесін 50-55 іске дейін төмендетті (300-ден 250 іске дейін), жәбірленушілердің сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін 3-5 тәулікте сақтандыру төлемдерін дереу алуларына, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғаннан кейін құқық бұзушыларды түнгі сотқа дереу жеткізіп, сот процесін кейінге қалдыру фактілерін тыйғызуға, тыныштықты бұзған жанжал шығарушыларды отбасынан, балаларынан және көршілерінен тез арада оқшаулауға қол жеткізілді.

Өткен жылдың 28 сәуірінен бастап Астана қаласының соттарында «Сотта татуластыру рәсімдері» қанатқақты  жоба іске асырылуда.

Жоба алғаш бастау алған  Сарыарқа аудандық сотында ғана емес, басқа да аудандық соттарда өзінің тиімділігін көрсетті.
Татуластырушы – судья медиация тәртібімен жүргізілген 1 716 істің  1 059-ына, яғни 62%  татуластыру рәсімін қолданған.
Сондай-ақ, жоба 2018 жылғы 14 мамырдан бастап экономикалық сотта да   оң нәтиже беріп келеді.
Татуластырушы судья қараған 808 істің 453-іне (56%)   медиация жүргізілсе, 340-ында (74,8%) тараптар татуласты.
Сарыарқа аудандық сотында 2018 жылғы 19 сәуірден «Судья көмекшісі» жобасы да жұмыс істеп келеді.
Осы қанатқақты бастаманы дамыту және кеңейту мақсатында біз қаланың басқа да соттарында барынша жоғары жүктемелері бар судьяларға мемлекеттік қызметшілерді көмекшілер ретінде бекіттік.
Қалалық соттың құрылымдық бөлімшелері мен аудандық соттар кеңселерінің жұмысын оңтайландырдық. Нәтижесінде 60 мемлекеттік қызметкер, қала бойынша барлық істердің жалпы санынан 72%-ы қаралатын 7 соттағы судьялардың көмекшілері ретінде бекітілді.
Көмекші іс жүзінде судьяның ұйымдастыру жұмысының тиімділігіне оң әсерін тигізіп, жүктемесін едәуір азайтты. Сот төрелігін іске асыру сапасы ( экономикалық сотта 0,5% – ға, Сарыарқа аудандық сотында 0,2% – ға, Есіл аудандық сотында 0,1% – ға) артты,  судьялар мен сот мамандарының іс-әрекеттеріне шағымдардың саны 25% – ға азайды.
Енді судья көмекшісі институтын заңға өзгерістер енгізу арқылы бекітуді ұсынып отырмыз.
Астана қаласындағы «Отбасылық сот» жобасы Алматы аудандық сотының базасында 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істейді. Онда екі судья тек неке-отбасы істерін қарауға маманданған.  Жобаға кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты істер санаттарын қарайтын әкімшілік сот қатысады.
Алматы аудандық сотында «Отбасы орталығы» құрылды, онда отбасылық сот залдары, психолог пен медиатор, консультативтік кеңес кабинеттерімен қатар, балаларға арналған бөлме жабдықталған.
Неке – отбасы істерін қарау тәсілі өзгертілді. Отбасылық қатынастарды жақсартуға бағытталған судьяның іс-әрекет алгоритмі әзірленді.
Астана қаласының Психологиялық қызметтер орталығының психологтарын ерікті негізде тарту жаңа бастама болды, бұл судьяға жанжалдың деңгейін белгілеуге және  бұдан әрі тараптармен жұмыс тактикасын жүргізуді анықтауға мүмкіндік береді.
Сотта дауласып жүрген отбасыларды қолдау үшін судьядан, психологтан, әлеуметтік қызметкерден тұратын консультативтік кеңес жұмыс істейді, олар отбасын қиын жағдайдан шығару бойынша кеңес береді.
Жоба енгізілгенге дейін қаралған 2 175 неке-отбасы істерінің ішінен 722 іс (немесе 33%) татуласумен аяқталса, жоба 2018 жылғы қыркүйектен басталғаннан бастап екі судья 457 іс қарады, оның ішінде 176 іс немесе 38% татуласумен аяқталды. Сотқа деген сенім артуда.
Психологтардың қатысуымен 110 іс қаралып, 86 отбасы сақталды.
Әкімшілік сотта тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы істерді қарауға «Үміт» дағдарыс орталығының, әкімдіктің қызметкерлері, Астана қаласының психологиялық қызмет көрсету орталықтарының психологтары шақырылған.
Астана қаласының соты мүдделі органдармен, оның ішінде Жастар және отбасы істері жөніндегі комитетімен бірлесе отырып 2019 жылы осы соттарда Ресурстық қолдау орталығын ашылады.
Уәкілетті органның қолдауымен «Өмір жолы» қоғамдық қоры сотқа жүгінген отбасыларға жүйелі түрде көмек көрсету, әрбір нақты жағдайда уақтылы көмек алу үшін қазіргі заманғы мобильді құрылғыларды пайдалану арқылы отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жобаға заманауи технологияларды енгізуді жоспарлап отыр.
Аталған институттың тиімділігін арттыру үшін отбасылық қатынастар саласындағы мәселелерді шешу құзыретіне кіретін барлық уәкілетті және мүдделі органдардың өзара іс-қимылы қажет.
Қалалық сот пен қала әкімдігі арасында соттан тыс татуласу орталығын құру туралы келісімге қол жеткізілді.    Соттан тыс татуласу орталығында медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ психолог тұрақты негізде жұмыс істейтін болады, бұл тараптарға өзара түсіністікке қол жеткізуге көмектеседі.

         Мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдарды татуластыру рәсімдерін іске асыруға белсенді қатысуға тарту үшін Астана қаласының соты мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар арасындағы құқықтық дауларды (жанжалдарды) реттеу үшін татуласу рәсімдер институтын дамыту жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Қазіргі уақытта «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалында, Достық үйінде соттан тыс татуласу кабинеттері жұмыс істейді.

Бұдан басқа, құқық қорғау органдарымен татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша меморандумдар жасалды. Барлық аудандық ішкі істер бөлімдерінде татуласу кабинеттері бар.

  Жоғарыда айтылғандардың барлығы 2018 жылда атқарылған ауқымды жұмыстар, олар ағымдағы жылда да жалғасын таппақ.

 2019 жылдың 21 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды.

Қабылданған Заңның новеллалары соттың жұмысын оңтайландырып, судьялардың неғұрлым күрделі істерге күшін салуға жағдай тудырып отыр.

Астана соттарында қаралатын 15 000 мыңға жуық бұйрықтық өндірісте қаралатын істер нотариустардың құзырына өтіп, олардың 3 000-ға жуығы ғана сотқа түспек.

Жоғарыдағы аталған өзгерістерге дейін сот орындаушылары 9 әрекетіне сот санкциясын алатын, енді  2 әрекетіне ғана сот санкциясын алатын  болады.

2018 жылы астаналық судьялар 550 000-ға жуық сот орындаушысының әрекетін санкцияланан. Жаңа Заң негізінде сотта 48 000-дай сот орындаушысының әрекеті санкцияланбақ.

Қылмыстық және қылмыстық процесс заңнамасына ізгілендіру бағытында бірқатар өзгерістер енгізілді.

 Мысалы, бұрын елу мың айлық  есептік  көрсеткіштен асатын, бюджетке  түспеген  төлемдер үшін салықтан жалтару бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделген болса,  қазір бұл соманың мөлшері жетпіс бес мың есептік көрсеткіштен асқан жағдайда ғана қылмыстық жауапкершілік көзделген.
Сондай-ақ,  кедендік  төлемдер мен  алымдарды  төлеуден жалтару қылмысынан үстемақы, пайыз төлеу алынып тасталған.
Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзу, банктiң ақшасын заңсыз пайдалану қылмыстары  қылмыстық заңға ескерту енгізілген.  Осыған сәйкес,  осы қылмыстырды  алғаш рет жасаған адам залалды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Қылмыстық кодекстің 393-бабы, яғни  шетелдіктің не  азаматтығы  жоқ адамның оны Қазақстан Республикасының  шегінен  тысқары  шығарып жіберу  туралы   шешімді орындамауы Қылмыстық кодекстен  мүлдем алынып тасталды.
Аталған шаралар мен заңнамалардағы өзгерістер, енгізіліп жатқан жаңалықтардың барлығы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін конституциямызға сай қорғауға бағытталған.
Осы тұрғыдан алғанда Жоғарғы Соттың төрағасы Ж.Асановтың ұсынған «Сот жүйесін дамытудың жеті түйіні», Елбасы Н.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының 18-съезіндегі халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік қолдау білдіруді нығайтуға арналған бағдарламасымен үндесіп жатыр деуге толық негіз бар.

Тлектес БӘРПІБАЕВ,
Астана қалалық
сотының төрағасы

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды