«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа жылды жаңа пәтерде қарсы алды

0 37

Жаңа жыл қарсаңында астаналық 76 отбасы баспаналы болды. Оларға Лепсі көшесіндегі жаңа тұрғын үйдің пәтерлері берілді.

Пәтер кілті үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік аз қамтылған отбасылары мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне табыс етілді. Жаңа пәтерлер Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының «Сатып алу құқығымен жалға бері­летін баспана» санаты бо­йынша берілді.
– Астанаға өзге өңірлерден келіп, елорданың дамуына үлес қосып жатқан жас отбасыларды, кәсіби мамандарды қолдау өте маңызды. Сіздерге жаңа жыл мерекесі қарсаңында баспана кілтін тапсырғанымыз үшін қуа­ныштымыз. Жаңа пәтерле­ріңізге қуаныш пен бақыт толсын, – деді елорда әкімі Бақыт Сұлтанов құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-­ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында алдағы уақытта ірі қалаларда халық­тың әлеуметтік осал топ­та­рына арналған жалға бері­летін баспана құрылысының көлемін ұлғайту міндетін қойған болатын.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды