«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа жылдан жақсылық күтеді

0 61

Астанадағы Оқушылар сарайында елорда әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.

Мерекелік шараға 300-ге жуық мүм­кіндігі шектеулі балалар, арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері және озат оқушылар жиналды. Жаңа жыл кешінің тақырыбы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айтылған өзекті ойларымен өрілген. Сахна әлемі ертегі мен ежелгі қалалар бейнесімен үйлесім тауып, түрлі әсем бұйымдармен көркемделген. Ал балалар асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар «2019 жыл» деген жазуы бар мерекелік экспресс­пен келіп, балаларды таңғалдырды.
Думанды кешке келген жеткіншектерді қала әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев құттықтап, оларға ізгі лебізін білдірді.
«Жаңа жыл – ерекше мереке. Барлық адам жаңа жылдан жақсылық күтеді. Сіздер – еліміздің ертеңісіздер. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы Астанада тұрып жатырсыздар. Сондықтан сіздердің жаңа жылды қызықты қарсы алуы үшін осындай тамаша кеш ұсынып отырмыз. Жаңа жыл бәріңізге қуаныш, бақыт әкелсін, ата-аналарыңыз аман болсын!» деді әкім орынбасары.
Мерекелік қойылымның режиссері, Қазақстанның халық әртісі, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов өз сөзінде халқымыздың терең тарихын балаларға ертегі әлемі арқылы жеткізгенін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды