«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа жүйенің жаңалығы қандай?

0 16

Қазақстанда келер жыл басынан міндетті медициналық сақтандыруды енгізу өзімен бірге көп өзгерістер әкеледі. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі еліміздің заманмен қатар жүруге, сондай-ақ сақтандыру нарығын одан әрі дамытуды ынталандыруға көмектеседі. Өйткені әлемдік тәжірибеге сү­йенсек, көптеген дамыған елдерде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі оңтайлы жолға қойылған.Мемлекет тегін жедел медициналық және санитарлық авиа­циялық, консультациялық-диагностикалық, стационарлық және медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмекке, профилактикалық екпелерге кепілдік береді.
Ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мыналарды қамтиды. Біріншіден, амбулаториялық-емханалық көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмекті ескермегенде). Яғни бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының және профильдік мамандардың жолдамасы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық, консультация­лық-диагностикалық көмек көрсетіледі. Екіншіден, дәрігердің рецепті бойынша амбулатория­лық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Үшіншіден, жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қоса алғанда, емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы, шұғыл көрсетімдер бойынша – бастап­қы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдаманың бар-жоғына қарамастан жоспарлы стационарлық көмек. Төртіншіден, бастапқы медициналық-санитарлық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша стационарды алмастыратын көмек (уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар, әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда).

Сергей ДЕМОЧКИН,
«Орталық теміржол
ауруханасы» ЖШС директоры

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды