«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ЖАҢА ВОКЗАЛ ЖАҚЫНДА АШЫЛАДЫ

0 74

Астанадағы жаңа теміржол вокзалының құрылысы 15 мамыр­да аяқталады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

09-90-09

Министрдің айтуынша, «ЭКСПО-2017» көрмесінде жаңа вокзал алғашқы жолаушыларды қабылдайды. «Өткен сенбі күні вокзал құрылысымен таныстық. Теміржол вокзалы аумағы және сапасы жағынан ТМД-да үздіктердің қатарында болады. Мәселен, бүгінде жұмыс істеп жатқан ескі теміржол вокзалға жоспар бойынша тәулігіне 12 мың жолаушы келіп-кетуі керек. Алайда ол шамамен 18 мың жолаушы қабылдап отыр. Жаңа теміржол вокзалы пайдалануға берілгеннен кейін, жағдай толығымен өзгереді» деді ол.

Гүлдана  ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды