Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

futbol-3-asli

Сәрсенбі күні Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы туры өтті.

Футболдан 26-ншы ел біріншілігі былтырғы чемпион «Астана» ко­мандасының жеңі­лісімен басталды. Елор­далықтар мұның алдында Супер­кубок үшін таласта ал­матылық «Қайратқа» есе жіберген еді.
«Астана» ҚПЛ-дың бірінші турында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасымен» кездесті. Алаң иелері қонақтарды 3:0 есебімен ойсырата жеңіп, турнир кестесінің басына шықты.
Сонымен қатар, бұл тур аясында «Тобыл», «Ертіс», «Қайрат», «Қайсар» секілді ко­ман­да­лардың айы оңынан туып, 3 ұпайдан еншіледі. «Атырау» қақпасына үш доп тоғытқан «Тобылдың» ша­буылшысы Алексей Щеткин әзірге сұрмергендер көшін бастап тұр.

 Орынбек  ӨТЕМҰРАТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*