Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА

Кеше қала мектептерінен түлеп ұшқан 4978 түлек жаңа өмірге жолдама алды. Қолдарына аттестаттарын алған астаналық түлектер үшін ҰБТ науқаны 20 маусымнан басталады. Соңғы үш жылда өткізілген түрлі ғылыми жобалардың, халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы атанып, мектепті абыроймен аяқтаған түлектерден өзге мектеп бітірушілердің 4526-сы алдағы ҰБТ-ға қатысып, бақтарын сынайтын болады. 

Мектептегі пәндік емтихандарды ойдағыдай тапсырып, қолдарына аттестат алатын тұста ерекше толқудың болатыны рас. Осындай бір әсерлі кеш қаламыздағы Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясында өтті.

????????????????????????????????????

– Бүгін, міне, біздің ғана мектебімізде емес, қаламыз, еліміз бойынша қиялдарын қанаттарына байлап, армандарын арқалаған сан мыңдаған бала алтын ұяларымен қоштасуда. Ұстаздары 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан аяулы шәкірттерімен қоштасатын сәт те – осы. Мектеп партасында оқушы ретінде отырып тапсырған сынақтарыңның нәтижесі жақсы шығып, қолдарыңа куәліктеріңді алып, марқайып отырсыңдар. Жолдарың болсын! Біз мектебімізден сендердей білімді, талантты балалардың бітіргенін мақтан етеміз. Екінші жағынан қимаймыз. Дегенмен бұл – өмір заңы. Дүниеге кірпіш болып қаланып, еліміздің көркеюіне өздеріңдей өжет, намысты, ұлтын сүйетін өрендер керек! – деді мектеп директоры Жанат Тұрысбекқызы құттықтау сөзін сөйлеп.

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

«Жұлдызды балл» атты салтанатты жиында мектептің 113 оқушысы аттестаттарын алып, өмірге топшысын қатайтып ұшырып отырған ұстаздарымен қоштасты. Мемлекеттік емтихан қорытындысы бойынша мектептен 6 «Алтын белгі» мен 4 «Үздік аттестат» иелері өздерінің үздік білімдерін дәлелдеп, мақсаттарын орындапты. Мектептің абыройын арттырып, ұстаздарының үмітін ақтаған озат оқушыларға мектептің қолөнер шебері Шоқан Шөптібайұлы жасаған жұлдыз бейнесіндегі ерекше естелік сый тарту етілді. Бұл ерекше сәтке білім ұясының былтырғы үздік түлектері қатысып, биылғы түлектерге ақ жол тіледі.

Гүлжан  РАХМАН

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*