ЖАНАРЛАРЫ ЖАЙНАҒАН ЖАСТАР

Кеше Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы мен Білім басқармасының және ІІД Жергілікті полиция қызметі мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығында «Өмір тамаша» шарасы өтті.

Әртүрлі психологиялық жағдайға ұшыраған, кәмелет­ке толмаған балаларға құ­қық­­тық көмек көрсетіп, өрендер­ді белсенділікке шақырып, жасөспірімдер арасындағы суицидті болдырмау мақсатында өткен шараға елордадағы бірқатар мектептер мен колледждерден 300-ге тарта жанарлары жайнаған жастар қатысты. Шара барысында өнерлі өрендер ән шырқап, мың бұрала би биледі, топ болып флешмоб өткізді. Ән салғандардың бірі №30 мектептің 9-сынып оқушысы Мирас Багаев осындай шаралар жастардың өрісінің кеңеюіне, олардың түзу жолдан таймауына септігі мол екенін айтады. Ал шараны ұйымдастырушылардың бірі, Астана қаласы
ІІД Жергілікті полиция қызметі ювеналдық бөлімінің бастығы Самал Ахмет:
– Осындай шаралар әдейі адам көп жиналатын орындарда дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Жылдың басында да «Хан Шатыр»
сауда-ойын-сауық орталығында дәл осындай шара өткен болатын. Алайда бағ­дарламалар үнемі жаңартылып тұрады, – дейді.
Сауда-ойын-сауық орталығына келушілердің көпшілігі аталмыш шараны тамашалап, қатысушылардың өнеріне қиқулап, атой салып тұрды. Ұранды жазулар мен күлкілі смайликтермен көмкерілген плакаттарды ұстаған жасөспірімдер замандастарын лайым көңілді жүруге шақырды.

Нұрдәулет Кәкішев

Сонымен қатар

ҮЙДЕ ИТ ҰСТАСАҢЫЗ…

«Асырауында үй жануарлары бар қала тұрғында­ры ауланы, кіреберісті, баспалдақ алаңын, лифтіні, балалар алаңын, жаяу жүргіншілер …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған