«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жалған ұйым жарға жықпасын

0 75

Астанадағы Есіл ауданының әкімдігі діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелеріне арналған жиын өткізді. Оған аудандағы бизнес пен ойын-сауық орталықтары және банктер мен ПИК өкілдері шақырылды.

ayvavav

иында «Нұр Астана» орталық мешітінің оқытушысы Дәурен Муслимов дәстүрлі исламның ерекшеліктері мен қасиеттеріне кеңірек тоқталды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты маманы Дианна Есенова «Діни экстремизмнің қауіп-қатерлерін алдын алу» тақырыбында баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда ғаламтордағы әлеуметтік желілер арқылы радикалды діни ағымдар өздеріне жастарды белсенді тарту жағдайлары жиі кездеседі екен.
– Біз жеткіншектерімізге смартфон алып береміз. Бірақ оны балаға қалай пайдалануды айтпаймыз. Елімізде «ВКонтакте» желісін қолданатындар көп. Онда 79 пайыз жастар отырады. Әлеуметтік желідегі діни қауымдастықтардың 60 пайызы радикалды ағымдарды насихаттайды. Айталық, осы ұйымға кірген адамдар ел тұрғындарын өркениеттен алыстатқысы келеді. Олардың сөзінше, жоғары білім алуға, медициналық қызметті пайдалануға, ең ақыры музыка мен теледидар қарауға болмайды. Сондықтан әрбір ата-ана өз баласының тәрбиесі мен тәртібіне мұқият қараған жөн, – дейді министрлік өкілі. Одан кейін сөз алған елорда әкімдігінің Дін проблемаларын зерттеу орталығының маманы Мөлдір Құдайберген де діни экстремизм мен терроризм туралы салмақты ой өрбітті. Шара барысында ұйымдастырушылар жиналғандарға жалған діни ұйымдардан сақтанатын жадынамалар мен плакаттар таратты.

Азамат Есенжол 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды