«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жалақы мен зейнетақы

0 48

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде жалақы, зейнетақы мен жәрдемақы өсті. primeminister.kz сайты хабарлағандай, ең төменгі жалақы көлемі 28 мыңнан 42,5 мың теңгеге ұлғайды. Мұндай өзгеріс әртүрлі салаларда жұмыс істейтін 1,3 млн қазақстандық­тың табысына жағымды әсер етті. Сонымен қатар, бюджеттен жалақы алатын 275 мың қызметкердің табысы орташа есеппен 35 пайызға өсті. 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлердің еңбекақысы 20 па­йызға көбейді.
Жаңа жылдан бастап еңбекке жарамсыз болып қалған 88,3 мың және асыраушысынан айырылған 50,1 мың адамға төленетін жәрдемақы көлемі 5 па­йызға артты. Орта есеппен алғашқы топтағы­лардың әлеуметтік төлем­ақысы 15,9 мыңнан 16,6 мың теңгеге, екінші топтағыларға 20,6 мыңнан 21,7 мың теңгеге ұлғайды.
1 қаңтардан бастап Қа­зақ­­­стандағы ынтымақты зей­нет­­­ақы 7 пайызға, базалық зейнет­ақы 5 пайыз­ға өсті. Мә­се­лен, биылдан бастап ең тө­менгі ынтымақты зейнет­ақы көлемі 36108 теңгені, ең төменгі базалық зейнетақы 16037 теңгені құрайды. Міндетті зейнетақы аударымдары енгізілгенге дейін зейнет демалысына шыққан ерлер мен әйелдердің ең төменгі зейнетақысының көлемі 1 қаңтардан бастап теңесіп, 52145 теңгені құрайды. Ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры­нан төленетін зейнетақы төлемдерінің ең төменгі мөлшері 2019 жылы 16037 теңге болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды