ЖАЙРАҒАН ҮЙЛЕР

ЖАЙНАҒАН ҚАЛАНЫҢ СӘУЛЕТІН БҰЗЫП ТҰР

Уақыт өткен сайын көркейіп келе жатқан Астанада сәулетті ғимараттар көбейіп, қала аумағы да едәуір ұлғайып келеді. Алайда сол жағалаудағы жайраған үйлер жайнаған қаланың сиқын бұзып тұр. Адам аяғы әсте сиремейтін «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығының маңындағы және Тұран даңғылы бойынан орын тепкен «Астана Арена» стадионы мен «Сарыарқа» велотрегінің маңындағы бұрыннан қалған саяжайлар әлі күнге дейін неліктен күреліп тасталмай тұрғаны белгісіз. Саяжай үйлерінің көбі бос тұрған сыңайлы. Кейбірінің қабырғасы қақырап, құлап та жатыр. Енді бір жері қоқыс алаңына айналған. Қараусыз қалған аумақтың айналасынан елорданың зәулім ғимараттары менмұндалап тұр. Алайда көрікті жерлердегі саяжайлардың сүреңсіз көрінісі көрер көзге түрпідей тиеді екен. Бұл мәселеге тиісті мекемелердің жауапты тұлғалары не дейді?

 

Сонымен қатар

АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған