«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Зейнолла әлемін зерделеген

0 63

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жазушы, этнограф, тарихшы Зейнолла Сәніктің артына қалдырған мәдени мұралары мен шығармашылық жолын, парасатты болмысын жан-жақты зерделеген қос кітап – «Зейнолла Сәніктің шығармашылық мұрасы» және «Мәңгілік жол» кітаптарының тұсаукесері өтті.

«Зейнолла Сәнік атындағы мәдениет қоры» ұйымдастырып өткізген бұл тұсаукесерге қатысқан әдебиеттанушы ғалым, тарихшылар Зейнолла Сәнік шығармаларын зерттеуде қос кітаптың алатын маңызына тоқталып, кітап авторлары филология ғылымдарының докторы, әдебиеттанушы ғалым Жолдасбек Мәмбетов пен Серіжан Тоқтасынұлына алғыс­тарын білдірді.
Зейнолла Мүбәракұлы Сәнік – ұлтымыздың тарихи тұлғаларын әдеби және тарихи шығармалар арқылы насихаттаған қаламгер. Ол 1935 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағында дүниеге келген. Еңбек жолын баспагерліктен бастаған қаламгер Шынжаң жастар-өрендер баспасында жауапты редактор болып 40 жыл қызмет етті. Әдеби шығармашылықпен қатар, зерттеу жұмыстарымен де айналысып, «Сергелдең», «Басбай», «Тұғырыл хан» сынды 20-дан аса кітап жазды. Өзі бас болып қазақ фольклорлық еңбектерін зерттеп, баспадан шығарды. 2017 жылы 15 томдық еңбегі Қазақстанда жарық көрді.
Қадірлі қаламгер 2013 жылдың 26 қыркүйегінде өмірден озды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды