«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Зағип жандарға бағдар бөлінді

0 11

Астанада қолданыстағы №1 маршруттың базасынан 8 қыр­күйектен бастап №1А модифика-циялық маршруты іске қосылады.

Жаңа бағдар «Шұбар» мөлтек ауданы, 78-көше, 7 мекенжайындағы «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ мен «Әл-Ғани» мешітін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында құрылды. №1А маршруты қолданыстағы №1 бағдардың базасында дайындалды. «Астана LRT» ЖШС мамандарының ай­туынша, бұл шара тұрғындардың өтінішінен кейін қабылданған. Мұның алдында зағип жандар алыста орналасқан аялдамаға қатынаған. Енді көлік «Шұбар» мөлтек ауданында орналасқан «Қазақ зағиптар қоғамдастығы» ҚБ орналасқан жерге дейін барады. Автобус күніне 10 реттен қатынайды, аралығы – 40-55 минуттан. Уақыты: сағат таңғы 06.30-20.57-ге дейін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды