«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

«Вуэльта Валенсия»: Астананың аты озды

0 7

«Астана» велокомандасы жаңа маусымның Еуропадағы алғашқы жарысын сәтті бастады. Испанияда өткен «Вуэльта Валенсия» көпкүндігінде бірден екі шабандоз финалға өтті. Йон Исагирри жеңімпаз атанса, Пельо Бильбао үшінші орынды алды.

Бұған қоса, қазақстандық команда жалпыкомандалық іріктеу кезеңінде жеңіске жетті.
«Вуэльта Валенсия» көпкүндігінің қорытынды нәтижесі былай болды: 1-орын – Йон Исагирре (Astana Pro Team), 2-орын – Алехандро Вальверде (Movistar Team) және 3-орын – Пельо Бильбао (Astana Pro Team).
«Бұл – менің ғана емес, команданың жетістігі. Жарыс жолын біздің команда өте жақсы жүріп өтті. Біз бұл жарыста шамамызды барынша көрсеттік: Жалпы есептегі менің жеңісім, Пельо Бильбаоның үшінші орны, жалпыкомандалық «Астананың» жеңісі. Ғажап! Мен бұл маусымды ең болмағанда бір жарыста жеңсем деп бастадым, ол ойым қазірдің өзінде Валенсияда іске асты» деп Йон Исагирре ағынан жарылды.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды