«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Венецияда қазақ даласының ырғақтары

0 16

Венециядағы Палаццо Дона Дель Розе сарайында Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақ даласының ырғақтары» көрмесі салтанатты түрде ашылды.

Көрме «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының аясында ұйымдастырылды және Венецияға көптеген кураторлар мен өнерсү­йер қауым келетін атақты Венеция биенналесі кезінде өтеді.
Ә.Қастеев атындағы өнер музейі қорынан «Қазақ даласының ырғақтары» экспозициясы ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Евгений Сидоркин, Салихитдин Айтбаев, Альберт Гурьев, Исатай Исабаев, Қадырбек Каметов, Мақым Қисамединов және Борис Пак сияқты көрнекті қазақстандық суретшілердің 20 графикалық туындыларын ұсынады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, Қазақстан графикасында жанрларды, техниканы кеңейту, материалдармен жұмыс істеу және жаңадан пайдаланылмаған мәнерлеу құралдарын іздеу кезінде көркемдік тәсілдердің одан әрі зерттелуі белсенді болды.
«Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі әлемнің ірі мәдени орталықтарының шетелдік көрермендеріне өзінің бірегей коллекциясының бөлімдерін, Қазақстанның бірегей бейнелеу өнерін алғаш рет ұсынып отырған жоқ» дейді музей директоры Гүлмира Шалабаева.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды