Четверг, 29 Июнь 2017
-->

ВЕЛОШЕРУГЕ ҚЫЗЫҚҚАНДАР КӨП

АСТАНА ӘКІМДІГІНІҢ БАСТАМАСЫМЕН МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ВЕЛОШЕРУ ӨТТІ. ШЕРУШІЛЕР ҚАБАНБАЙ БАТЫР, ҚОРҒАЛЖЫН ТАС ЖОЛЫ, ТҰРАН ДАҢҒЫЛЫ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ЖҮРІП ӨТІП, «АСТАНА АРЕНА» СТАДИОНЫНДА МӘРЕГЕ ЖЕТТІ.

Аталған шараны Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастырды. Іс-шараға велоспорт түріне қызығушылық танытатын астаналықтар мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаев, мәслихат депутаты Илья Мещеряков қатыс­ты. Басқарма басшысының айтуынша, велошеруге қатысуға 1300-ге жуық адам ниет білдірген. Олардың арасында небәрі 3 жасар бүлдіршіндер де бар.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық спортты дамыту туралы үнемі айтып отырады. Осының әсері болса керек, соңғы кездері жастар жағы спортқа қызығушылық танытып, түрлі жарыстарда топ жарып жүр. Оның үстіне елімізде заманауи талаптарға сай спорт нысандары салынып, жастардың еркін жаттығуына жол ашылды. Ал бүгін біз спорттың осы түрінен арнайы велошеру ұйымдастырып отырмыз. Өйткені таза ауада велосипедпен серуендеу денсаулыққа өте пайдалы болып саналады. Бүгінгі іс-шараға астаналықтардың белсенділік танытып, өз еркімен келіп жатқаны мені қуантып отыр. Егер де бұқара халық велошеруге қызығушылық танытса, мұндай шараны алдағы уақытта да ұйымдастыратын боламыз, – дейді Б.Маржықпаев.
Ұйымдастырушылар шараға қатысқан азаматтардың арасында ұтыс лотерея­ларын ойнатты. Сондай-ақ, жарыста жеңіске жеткен азаматтарға арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Серік
ЖОЛДАСБАЙ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*