«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үздік мамандар марапатталды

0 12

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімдігі түрлі салада қызмет етіп, елге еңбегі сіңген мамандарды марапаттады.«Бүгінгі мерекелік іс-шараға аудан тұрғындары мен әлеуметтік сала қызметкерлерін шақырдық. Ондағы мақсат – елордамыздың, оның ішінде ауданымыздың дамуына үлес қосқан азаматтарға мереке қарсаңында құрмет көрсету. Марапатталушылардың қатарында әкімдік қызметкерлері, сонымен қатар білім, денсаулық, мәдениет, ПИК саласының мамандары мен тазалық, абаттандыру ісінің жұмысшылары бар» деді салтанатты рәсімде Байқоңыр ауданың әкімдігі әлеуметтік сала бөлімінің бас маманы Әсел Өмірбаева.
Мерекелік шараға Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан ­Жаулыбаев, құрылымдық бөлімшелердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, құрметті азаматтар мен қала тұрғындары қатысты.
«Дара тұлға, дана тұлға Елбасы» атты мерекелік шара ҚР Ұлттық Ұланы ән-би ансамблінің концертіне ұласты.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды