«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұстаздарға ұтымды

0 26

Оқушылар сарайында «Қосымша білім беру педагогының кәсіби мәдениеті мен жеке шығармашылық компоненті» тақырыбында қалалық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті. Оған қосымша білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен әдіскерлері жиналды.

Семинардың форматы Оқушылар сарайына саяхат түрінде ұйымда­с­тырылды. Алдымен қонақтар білім ұжымындағы үйірме жұмысымен танысып, театр, галерея, мұз айдыны мен мектепаралық даярлық топтарын аралады. Сондай-ақ қазақ, ағылшын тілі және математика пәндері бойынша сабақ барысын көріп, қосымша білім беру педагогы Бугинас Брониславтың шеберлік сабағына қатысты. Баламалы энергетика орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қатысушыларға «Не? Қайда? Қашан?» деген интеллектуалды ойын өткізді. Сонымен қатар мамандар мекемедегі көздің жауын алар қысқы бақты тамашалап, «Химик- зерттеуші» орталығының ғылыми жобалары мен оқытушылардың электрондық портфолиосымен танысты.
«Біз бүгін қосымша білім беру педагогтарына арнап «әдіскерлік күн» өткізіп отырмыз. Бұл іс-шара аясында мұғалімдер 10-нан аса сабаққа қатысып, өзара тәжірибе алмасады. Осындағы үйірмелерді аралап, балалармен жұмыс істеудің әдістерін көреді. Қысқасы, мұндай шараның ұстаздарға берері көп» дейді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Раушан Ахметова.
Семинар соңында қатысушылар биыл қабылданбақ «Мұғалімдер мәртебесі» туралы заң жайында пікірлесті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды