«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұстаздар күні құтты болсын!

0 42

Сіздерді кәсіби мерекеңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!


Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп мұғалімнің еңбегіне үлкен баға берген. Педагог – тек мамандық қана емес, бұл жоғары білімді, ерекше рухани қасиеттерді талап ететін өмірлік мұрат екендігі сөзсіз. Сіздердің қажыр­лы еңбегіңіздің, тынымсыз ізденісіңіздің арқасында еліміздің зияткерлік әлеуеті қалыптасуда.
Оқушылардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіруде сіздердің үлестеріңіз орасан мол.
Еліміздің болашағы үшін саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған ерен еңбектеріңіз үшін мың алғыс!

Алтай КӨЛГІНОВ,
Нұр-Сұлтан
қаласының әкімі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды