ҰШТАСҚАН ҮШТАҒАН

Астана қаласы мәслихатының хатшысы Жанат Нұрпейісов аппарат қызметкерлері арасында жиын өткізіп, Мемлекет басшысы – Ұлт  көшбасшысының биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық  бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі қағидаларымен таныстырып өтті.

333

Еліміздің жаңа тарихи кезеңіне бағытталған Президент Жолдауының рухани жаңғырығындай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында осы Жолдау­дың аясында тағы бір талдап өтті.Елбасының: «Біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу» деп атап өтуі барша қазақстандықтардың санасында жаңғырып, бір бағытты бетке алуға үндейді.

Елбасы халқына арнаған Жолдауында ел дамуының стратегиялық бағытын па­йымдай келе, әрқайсымыздың азаматтық белсенділігіміздің қоғамдағы маңызын көрсетті. Ал ұлтымыз үшін нысаналы болып табылатын «рухани жаңғырулар» әрбір адамның санасында жалындап, саяси экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналмақ.

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауының іске асырылуы әрқайсымыздың түйсігімізге, кәсіби біліктілік пен ортақ іске бір кісідей жұмыла білуімізге де байланысты. Жолдаудағы адами капитал рөліне ерекше мән берілуінің маңызы зор. Бүгінде адами капиталдың әлеуетін жоғарылату үшін білім, денсаулық саласындағы атқарылатын жұмыстардың ауқымы біртіндеп жүзеге асырылуда.

– Елбасы Қазақстанның үшінші жаңғыруын мәлім етті. Осы кезеңде біз ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуді жоспарлап, көлік-логистика саласын дамытуға, сонымен қатар агроөнеркәсіп кешенін дамытуға шаралар ұйымдастыруды межеледік. Нұрсұлтан Назарбаев әрбір азаматқа нақты жағдайдағы жаңа ағымның бағытын көрсетті. Бізге кезеңнің сын-тегеурінін лайықты қабылдап және елді жаңғыртудың басты міндеттерін орындау керек, – деп қорытындылады  Жанат Нұрпейісов.

Айгүл УАЙСОВА 

Сонымен қатар

ҰСТАЗДАРДЫҢ ҰТЫМДЫ ҰСЫНЫСЫ

Білім саласындағы жарқ еткен жаңалықты, оқушы жетістігін, ұстаздардың ерен еңбегін жариялауда бас қаланың бас басылымы, …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған