«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үшеудің көрмесі

0 22

Елордадағы «FORTE BANK KULANSHI ART SPACE» орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «TRIUMVIRART» атты көрме ашылып, оған танымал қазақстандық суретшілер – Марат Бекеев, Эдуард Казарян және Андрей Ноданың туындылары қойылды.

Бұлардың қай-қайсы да біздің елге ғана емес, басқа да мемлекеттерге жақсы танымал қылқалам шеберлері.
Мәселен, Марат Бекеевтің картиналары аллегорияларға толы. Түрлі құбылыстарды шебер бейнелейді. Айталық, автордың кенеп майлы бояумен салған «Қарғаның үйі» жұмысынан философиялық ой түйе­сіз. Оның шығармалары күрделілігімен ерекше­ленеді. Сонысымен көрушілерді бейжай қалдырмайды.
Ал мүсінші Эдуард Казарянның өз қолымен жасаған дүниелері өте қызық. Қола, алюминий, шыны, керамика секілді материалдардан жасаған мүсіндері ерекше көз тартады. Мысалы, қола-құймадан жасалған «Мадоннаның күлкісі» атты дүниесі арқылы өзінің өмірге деген көз­қарасы мен шеберлігін әдемі көрсете білген. «Көк­тем. Тасбақа» деген жұмы­сынан да нәзіктік көресіз.
Андрей Нодад салған картиналар да өзгешелеу. Оның жұмыстары түрлі бояуға бай. Суретші ішкі сырын бірден ақтарылып айт­пайды. Жұмбақтап бейнелейді. Мәселен, «Айдың тұтылуы» картинасы­нан сондай тылсым сыр­ды байқайсыз. Композициялық шешімдері де тосын. Қысқасы, біз сөз етіп отырған үш суретші өмірде де жақын дос, өнер жолдары да ұқсас. Соның бәрі көрмеде үйлесімділікпен сәтті өрілген.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды