Вторник, 25 Июль 2017
-->

ҮШЕМДЕР ҮШІНШІ СЫНЫПҚА КӨШТІ

Осыдан тура сегіз жыл бұрын елордалық ерлі-зайыпты Бекжан Оңтаев пен Айгүл Сырманованың отбасында үшемдер дүниеге келді. «Астана ақшамы» газеті ақжолтай ақпаратты алғашқылардың бірі болып сүйіншілегені сол, артынша үшемдерге қала әкімдігі тарапынан үш бөлмелі пәтер сыйға берілді.

Астана тойы қарсаңында астаналық үшемдермен жүздесудің сәті түсті. Бүгінде Аят, Саят және Жанат №4 Жамбыл Жабаев атындағы мектептің 3-сыныбына көшкен. «ЭКСПО-2017» көрмесін тамашалап жүрген бүлдіршіндер бізді көрген бойда Астана туралы әндерін айтып, жырдан шумақ оқып берді.

«Астана – біз үшін ерекше қала. Өйткені елорда өмірімізге үлкен өзгерістер әкелді. Балалардың арқасында сыйға алған пәтерімізде бақытты ғұмыр кешіп келеміз. Шүкір, Аят пен Саят бүгінде спортпен шұғылданса, қызымыз Жанат сурет салумен айналысады. Жанерке есімді үлкен қызымыз бауырларының қамқоршысы. Ол үшемдердің сабақты жақсы оқуын қадағалап, үлгілі оқушы болуға баулып келеді» дейді әкелері Бекжан Оңтаев.

Шынында, әрбір астаналық үшін бас қаланың орны бөлек. Бірі осында бақытын тапса, екіншісі қалаған мамандағының иесі атануда. Жаңадан отбасын құрып, үлкен өмірге жолдама алып жатқандар қаншама?! Армандар орындалатын қалада әлі талай-талай жақсылықтар болатыны сөзсіз.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*