-->

ҮШ ТІЛДІ ҮЙРЕНЕДІ

ghis4kicuzfbdvvw6827yzfah5qo2x

Биыл – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 60 жылдық мерейтойы. Осыған орай, университет республикалық көп тілді «Үш тұғырлы тіл «KazATU-Polympis» атты олимпиада өткізді.

Олимпиадаға еліміздегі 12 жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Бұл жас­тардың шет тілін үйренуге деген құлшынысы күн өткен са­йын жоғарылап келе жат­қанын айғақтайды.
– Олимпиада өткізудегі бас­ты мақсат тіл мамандығына қатысы жоқ студенттер арасында көп тілділік идеясына қолдау көрсету болып отыр. Сонымен қатар, біз шет тілдерін оқып-үйренуге қызығушылық тудырып, оқушылардың әлеуметтік және мәдени біліктілігін кеңейтуді көздедік. Себебі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жастардың көп тілді меңгеріп, білікті маман болуына айрықша назар аударып отыр, – дейді университеттің шет тілдері кафедрасының меңгерушісі Гүлденсін Рақымбекова.
Олимпиадаға АҚШ елші­лі­гінің Орталық Азиядағы қор­шаған орта, ғылым, техника мен денсаулық сақтау саласының аймақтық қызметкері Робин Мак Качен, Франция елшілігінің Қазақстандағы ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі атташесі Том Юэт мырза қатысты. Сонымен қатар, жиынға Француз альян­сының Астана қаласын­дағы директоры Динара Оразбаева, гер­ма­ниялық DAAD-тың аймақтық өкілі Сандра Браун келді.

Серік  ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Оставить комментарий

Ваш email не будет опубликован.Необходимы поля отмечены *

*