«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үш автокөлік жолы – ақылы

0 55

1 қарашадан бастап еліміздегі үш автокөлік жолы: Астана–Теміртау, Алматы–Қапшағай, Алматы–Қорғас жолы ақылы болады. Бұл жаңалықты кеше Мәжілістегі үкімет сағатында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жария етті.

Министр үш учаскенің эксперимент ретінде ақылы тәртіпке көшірілгенін айтты. «Аталған үш учаске 1 қарашадан бас­тап ақылы болады. Алдағы уақытта республикалық маңызы бар 11 мың шақырымға жуық тасжолдар да осы тәртіпке ауысады. Соның есебінен 23 мың шақырымға созылатын республикалық жолдарды күтіп ұстаймыз. Яғни бюджеттен оған ешқандай ақша бөлінбейді» деп түсіндірді Ж.Қасымбек.
Айтпақшы, тасжолдарға жақын орна­ласқан елді мекендердің тұрғындары ақылы жолмен жүргені үшін жылына 1000 теңге төлейді. Биыл Астана–Павлодар бағытындағы үлкен тасжол да пайдалануға беріледі. Осы жолдың 100 шақырымы екі жолақты болады. Оның құрылысы 2019 жылы аяқталады, ал ақылы тәртіп 2020 жылы енгізіледі. Депутаттардың алдында Жеңіс Қасымбек доллар бағамының секіруі жолдардың құрылысына айтарлықтай әсер етпейтінін жеткізді. «Өйткені біз қазір құрылысқа пайдаланатын материалдардың 95 пайызы өзімізде шығарылады. Осыдан 2-3 жыл бұрын теңге бағамының өзгеруі құрылыс пен жөндеу жұмыстарына айтар­лықтай әсер еткен жоқ. Бұл жолы да солай болады» деді министр.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды