«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Универсиада: волейбол үздіктері

0 34

Өткен аптада Астанада Жастар жылы аясында елордалық жоғары оқу орындары студенттерінің арасында Универсиада басталды. Дәстүрлі бұл доданың алғашқы аптасында волейболдың үздіктері анықталды.

Жалпы Универсиадаға қатысушылар спорттың 18 түрінен сынға түседі. Соның бірі волейболдан ерлер арасында жарыс өтіп, жеңімпаздары белгілі болды. 1-орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті алса, 2-орынды Қазақ экономикалық қаржы және халықаралық сауда университеті, 3-орынды С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті иеленді. Жекелеген аталымдар бойынша «Үздік ойыншы» – Әділ Базылханов, «Үздік үйлестіруші» – Әнуар Аязбеков және «Үздік шабуылшы» Мерей Қалиханов болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды