«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұмытылған ұлттық тағамдар ұлықталды

0 19

Елордада «Қазақ ұлттық асханасының бірегей тағамдары» республикалық фестивалінің қорытынды кезеңі өтті. Оған өңірлік іріктеу кезеңдерінде жеңімпаз атанған аспаздар жиналып, ас даярлаудағы шеберліктерін көрсетті.Осының алдында аймақтық деңгейдегі фестиваль Талдықорған, Ақтау және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Сол кезеңдерде үздік шыққан 12 аспаз елордаға шақырылды. Бір атап өтерлігі, қатысушылар осы қалалардан ғана емес, еліміздің барлық өңірлерінен бас қалаға жиналды.– Көпшілік қауым қазақта қуырдақ, бауырсақ деген тағамдар ғана бар деп ойлайды. Еттің өзін «бесбармақ» деп атаймыз. Бұл дұрыс емес. Адамда бір ғана бармақ, төрт саусақ болады ғой. Ұлтымызда табақ тартудың өзінің мән-мағынасы бар. Келген қонақтың мәртебесіне қарай ол сый табақ, құда табақ, күйеу табақ, бала табақ, тағы осы сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Бұл фестивальді ұйымдастырып, өткізу барысында екі жүздей ұлттық тағамды зерттеп, даярлау әдіс­терін білдік. Атап айтқанда, бұжы, қарын көмбе, сырбаз, жаужүрек, үлпершек, тағы осы сияқты тағамдар осы күндері таңсық асқа айналды, – дейді фестивальді ұйымдастырған Ұлттық музейдің жетекші ғылыми қызметкері, этнограф Әйгерім ­Мұсағажынова.Оның айтуынша, фестивальді өткізуден бұрын Қазақ тағамтану академиясының ат­салысуымен өңір­лерге ғылыми экспедиция ұйым­дастырылды. Бұл бір жылдай уақыт жүрді. Соның барысында ұлттық салт-дәстүрлерді, соның ішінде ата-бабаларымыздан жеткен ас даярлау дәстүрін сақтап қалған ақ жаулықты әжелермен кездесулер өтті. Бұл фестивальді «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігі «Қазақтану» бағдарламасы аясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этнос­тық қатынастарды дамыту департаменті қолдауымен ұйым­дастырды. Сондай-ақ бұған Қазақстан аспаздары қауымдастығы, Рестораторлар клубы қолдау көрсетті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды