-->

ҮМІТТІ АҚТАҒАН УНИВЕРСИАДА

495ebc5ab29aaf298247c441d53be26d_l-2-asli

Кеше төрткүл дүние көз тіккен қысқы 28-інші қысқы Универсиада ойындары мәресіне жетті.

Алматы қаласын дүбірлі додаға бөлеген са­йыс­тар­дың қоры­тын­­дысында Қазақстан құрамасы ре­кордтық көрсеткішке қол жеткізді. Командалық есепте 2-орынға ие бол­дық. Біздің спортшылар бұл жарыста 36 жүлде алды. Құрама қоржынына 11 алтын, 8 күміс және 17 қола медаль түсті.
Биатлоншы қызымыз Галина Вишневская бай­рақты жарыстың үш дүр­кін, шаңғы фрис­тай­лының шебері Юлия Галышева екі дүркін чемпионы атан­­са, фристайлдың жұп­­тық жарысында Жанбота Алдабер­генова мен Бағ­лан Іңкәрбек алтын медаль иеленді. Мәнерлеп сырғанауда үміт артқан Денис Тен де ерледі.
Бүкілдүниежүзілік студенттер ойындарында жүлделер саны бойынша 29 алтын, 27 күміс, 15 қола жүлде алған Ресей құрамасы командалық 1-орыннан көрінді. 11 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль еншілеген Корея құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Жапония – төр­­тінші, Польша – бе­сінші, Қытай алтыншы орынға табан тіреді.
Алматы жа­рыс­тарында 25 елдің спорт­­шылары жүлде­гер­лер қата­рынан көрінді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Жауап қалдыру

Сіздің email-адресіңіз жарияланбайды.Қажетті өрістер таңбаланған *

*