«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҰЛЫ АБАЙДЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

0 24

Ұлттық академиялық кітапханада хакім атамыздың мерейтойына орай «Абай поэзиясына 130 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел мәжілісі өтті.

Биыл Абайдың 1889 жылы жазған 10 өлеңіне 130 жыл толып отыр. Дәлірек айтқанда, олар: «Есіңде бар ма жас күнің?», «Жүрегім менің қырық жамау», «Адам бір боқ көтерген боқтың қабы», «Күшік асырап ит еттім», «Сүйсіне алмадым, сүймедім», «Дүтбайға» («Жылуы жоқ бойының»), «Нұрлы аспанға тырысып өскенсің сен», М.Лермонтовтан аударған «Жалау», «Жартас» және «Жүректе көп қазына бар бәрі жақсы» деп аталған өлеңдері.

Жиынға келген абайтанушы-ғалымдар, жазушылар Абай өлеңдерінің маңызы туралы салмақты сөз сараптады.

Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметов Абайдың ойшылдығына тоқталып, ақынның діни пәлсапалық тереңдігі ашылмай жатқандығын айтты. Сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, профессор Ғарифолла Есім, ақын Алмахан Мұхаметқалиқызы секілді зиялы қауым өкілдері де алып тұлғаның шығармашылығы туралы парасатты ой өрбітті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды