«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ ОТБАСЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қала әкімі Алтай Көлгінов Ильинка кентінде орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды. Аумақта әскери қызметшілердің отбасыларына арналған 104 пәтерлік тұрғын үй салынды. Онда 350-ден астам адам тұрып жатыр. Жалпы аумағы 20 гектарды құрайды.

0 19

Қала әкімімен кездесу барысында тұрғындар көше жарығы, дәріхана мәселесін көтеріп, жаяу жүргіншілердің өткелі жоқтығын, қоғамдық көлікпен жүрудің қиындықтарын айтты. Сонымен қатар кентте мектептің де жетіспейтінін жеткізді. Тұрғындардың талап-өтініштерін мұқият тыңдаған әкім «Келесі жылға жоспарланған жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындаймыз. Айтқан ұсыныстарыңыз ескерілетін болады. Мәселелерді жан-жақты зерттейміз» деп уәде берді.
Әскери бөлімнің аумағында үш казарма, штаб ғимараты, күрес және жаттығу залдары бар екі қабатты спорт кешені, екі асхана, ойын, спорт алаңдары, мультимедиялық нысана ату орны орналасқан. Сондай-ақ лазарет, кинологиялық қалашық және мәдени сауық-сайран орталығы да бар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды