ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ҰПАЙЫ ТҮГЕЛ

«ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің аясында 6-8 шілде күндері «Дәулет» спорт кешенінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін ерлер мен әйелдер арасында самбо және әскери самбодан әлем кубогінің кезеңі өтті. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Біздің команданың қоржынына жалпы 54 жүлде түсті. Нақтырақ айтсақ, 13 алтын, 12 күміс, 29 қола медаль. Финалда қазақстандық спортшылар 3 алтын және 3 күміс иеленді.Одан кейінгі орынды 7 алтынмен Грузия иеленді. Ал ресейліктер жарыстың соңғы күні 2 алтын жеңіп алып, жалпы 3 алтынмен Өзбекстанды басып озып, үшінші орыннан көрінді.

Турнир сыйлығы 9 салмақ дәрежесінде: 52, 57, 62, 68, 74, 84, 90, 100 кг және 100+ кг сарапқа салынды. Отандастарымыз әскери самбодан ерекше көзге түсті. Олар қоржынға 7 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль салды.Сондай-ақ, әйелдер құрамасы да артылған сенімді артығымен ақтады. Әлем кубогы қорытындысы бойынша оларда – 3 алтын, 3 күміс және 11 қола медаль. Ал ерлер 3 алтын, 6 күміс және 9 қола медаль жеңіп алды.

Жарысқа Армения, Әзербайжан, Беларус, Болгария, Германия, Грузия, Молдова, Ресей, Румыния, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Оңтүстік Корея, Жапония, Тәжікстан және АҚШ секілді 16 мемлекеттен 200-ден астам спортшы қатысты. Олардың бәрі Астанада өтіп жатқан халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін аралауға шақырылды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Сонымен қатар

ТАРИХИ ЖЕҢІС

Еуропа лигасында өнер көрсетіп жатқан «Астана» төртінші турдың ойы­нын Нетания қаласында өткізіп, Израильдің чемпионы «Маккаби» …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған