ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛЕДІ

Назарбаев орталығында бір топ зиялы қауым мен белгілі журналистер жаңа әліпбиге қатысты дөңгелек үстел басында бас қосты. «Жаңа әліпби – жаңғыру жолы» деген тақырыпта өткен жиында қатысушылар латын әліпбиіне оралуға байланысты өз ойларын ортаға салды.

Алқалы жиынның модераторы болған Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеев жаңа әліпби елімізді дамыған мемлекеттердің қатарына қосатынын айтты. Ал ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Мелдешов үкімет тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Бүгінде мемлекеттік тілді латын графикасына көшіру жөніндегі жұмысшы топ бастаманы жүзеге асыруға кірісіп кетті. Оны Ерболат Досаев басқарады. Латын әліпбиіне көшуге бей-жай қарап отырған ешкім жоқ. Бүкіл мемлекеттік органдар түгел қатысып отыр. Бірақ бұл әзірге жоба, шамамен 14-16 қарашада кезекті отырыс өтіп, жаңа әліпби бойынша ұлттық комиссияның құрамы бекітіледі» деді ол.
Ұлттық комиссияға мемле­кеттік орган өкілдері, лауазымды тұлғалар, тіл жанашырлары кіреді. Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шауеевтің айтуынша, жиын барысында айтылған пікірлер ескеріліп, комиссия қарауына жолданады. «Алдағы кезең ұсынылған нұсқаға қазақ тілінің табиғаты мен заң­ды­лықтары тұрғысынан, ор­фог­рафиялық, орфо­эпиялық ере­желеріне икем­ділігі жағы­нан талдау мен талқылау жүр­гі­зі­ле­­тін ке­зең болмақ» деп сө­зін қоры­тындылады қор директоры.

Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Сонымен қатар

АСТАНАДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС

«Астана» баскетбол клубы ВТБ лигасы аясында өз алаңында Красноярск қаласынан келген «Енисей» командасын қабылдап, 92:75 …

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған