«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұлттық аспаптар ұлықталды

0 48

Кеше Оқушылар сарайында «Capolavoro di dombra – 2018» қазақ халқының көне ұлт аспаптарының І халықаралық фес­тиваль-конкурсы ашылды. Бай­қауды Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өнер, мәдениет, білім және спорт са­ласындағы таланттарды қолдау халықаралық қоры ұйым­дастырды.

Аспаптық жанр, вокал, ұлттық көркемөнер кәсіптері және қолөнер аталымдары бойынша өтіп отырған байқауға Қытай, Қырғызстан, Армения мемлекеттерімен қатар еліміздің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар қатысып жатыр. Алғашқы аталымда дуэт, трио, ансамбльдер мен оркестрлер жарысқа қосылды. Ал екінші аталымның басты шарты – қазақ ұлттық аспаптарымен ән орындау. Келесі аталымдарда металды көркемдеп өңдеуге, метал және ағашты көркем әшекейлеуге, көркем керамикаға, сүйекті көркемдеп өңдеуге, түрлі кәдесыйларға баға беріледі.
Байқаудың бір ерекшелігі, мұнда сыбызғы, дабыл, дауылпаз, жетіген, даңғыра, асатаяқ, ұран, қобыз, шаңқобыз, шертер, сазсырнай, тоқылдақ, тұяқтас сияқты қазақтың ұлттық аспаптары насихатталады.
Екі күндік байқау жеңімпаздары бүгін өтетін гала-концертте марапатталады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды