«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ұлттар лигасы: ұпайымыз – екі

0 47

Ұлттар лигасының үшінші турында Қазақстан сырт алаңда Латвиямен тең түсті.

УЕФА-ның жаңа форматтағы бұл доп додасында Қазақстан Д ди­визионының бірінші тобында сынға түсіп жатыр.
Станимир Стоилов тізгінін ұстаған ұлттық құрамамыз алдыңғы екі ойын­нан бар болғаны бір ұпай алып, турнирді сәтсіз бастаған еді. Дегенмен Қазақстан командасының латыштарды ұтып кетсе, бірінші орынға таласатындай шамасы болған. Бірақ бұл мүмкіндік те уысымыздан сусып шығып кетті. Олай деуімізге де негіз бар. Ойында есепті алдымен біздің құрама ашты. 16-минутта Дмитрий Шомконың әуе­летіп көтерген добын Бақ­тияр Зайнутдинов голға айналдыра алды. Мұнымен шектелмей, Қазақстан шабуылға дем беріп, қарсылас қақпасына тағы бірнеше қауіпті сәттер тудырды. Алаң иелері де қарап қалмай, ашық ойынға көшті. Сөйтіп бірінші тайм бітпей жатып, таразы басын теңестіріп үлгерді. Көзге түскен – біздің елде, Оралдың «Ақжайығында» ойнап жүрген Артур Карашаускс.
Екінші таймда таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалып, командалар 1:1 есебімен тең тарқасты.
Сонымен үш турдан кейін топта тоғыз ұпаймен Грузия көш бастады. Ал қалған Латвия, Қазақстан және Андорра құрамалары түгел екі ұпайдан алып тұр.
Енді Қазақстан бүгін сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында Андорраны қабылдайды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды