«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Үлескерлер үміті жандануда

0 17

Қала әкімі Алтай Көлгінов шаһардағы сақалды құрылыс нысандарын аралауды жалғастыруда.

Солардың бірі – «Баспана-Көктал» тұрғын үй кешені. Бүгінде мұндағы өз пәтерлерін 500-ден аса адам күтіп жүр. Әкім нысанға соңғы келген сәттен бері обьект құрылысы бекітіліп, үй сараптамадан өтті. Құрылыс салушының айтуына қарағанда, үйді әрлеу бойынша ішкі жұмыс­тар көктемде басталады. Сонымен қатар инженерлік желілер жүргізіледі. Қала әкімі ТК құрылысының барысы үнемі қадағалауда болатынын атап өтті. «Ең бастысы, мердігер анықталды. Мемлекет ақша бөлді. ТК құрылысын «Елорда құрылыс» компаниясының қатысуымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аяқтаймыз. Суық түскенге дейін үйдің шатырына қатысты жұмыстарды аяқтау керек. Қолдарыңызда үйді электр энергиясына, сумен жабдықтауға және су бұруға қосу құжаттары, сондай-ақ аумақты абаттандыру жобасы болуы тиіс» деді А. Көлгінов үлес­керлермен кездесуінде.
Бұдан бөлек, шаһар басшысы «Семейный» тұрғын үй кешеніне де барып, Полиция департаментіне пәтерлерді қосарланған сату фактісі бойынша тексеріп, шаралар қолдануды тапсырды. Сондай-ақ құрылыс салушының дедлайнды орындамағанын атап өтті. «Семейный» ТК үлескерлерінің саны – 190 адам. Әкім соңғы рет келген сәттен бастап үйдің жылуы, ғимараттың қасбетін нығайту, кіреберістердегі әрлеу жұмыстары басталған. Алайда, паркинг бойынша мәселелер әлі де шешімін тапқан жоқ. Тұрғындардың тағы бір мәселесі – қоғамдық көлік және аялдама. Қазіргі таңда осы бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Мұнымен қоса елорда әкімі «Жасыл-Астана НС» тұрғын үй кешенінің үлес­керлерімен де жолықты. Кешен үш блоктан тұрады, үлескерлердің жалпы саны – 380 адам. Әкім нысанға соңғы келген кезден, яғни 19 шілдеден бері ғимараттың қасбетін жасау, шатыр­ды нығайту, балкондарды жылумен жабдықтау бо­йынша жұмыстар басталды. Үйдің бірінші блогындағы үш кіреберістің тұрғындарына пәтер кілттері тапсырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды